375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандылық мамандар Франциядан келген ортопедтерден дәріс алды

  • 75
  • UPD: 12:30, 12.02.2020
Қарағандылық мамандар Франциядан келген ортопедтерден дәріс алды

Қарағандылық травматолог дәрігерлерге Франциядан келген ортопедтер шеберлік сабағын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шетелдік мамандар иық пен жамбас буындарға эндопротез жасау тәжірибесімен бөлісті. Бұл операция барысында зақым келген буындар жасандыға алмастырылады. Эндопротездеудің жаңа технологиясы хирургиялық операцияның қайталанбауына мүмкіндік береді. Иық буынын алмастыру бойынша операция Қарағандыда бір жарым жылдан бері жасалып келеді. Бұл уақыт аралығында ортопед мамандар 25 протез қойып үлгерген. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай операция осыған дейін ауыр кәсіпте еңбек еткендерге жиі жасалған болса, қазіргі уақытта егде жастағы адамдардың белсенді өмір сүруіне байланысты операция саны ұлғайып отыр.

Айта кету керек, міндетті медициналық сақтандыру жүйесінің арқасында бұл операция тегін жасалады.

Патрик Виале, ортопед /Франция/:

– Мен Қазақстандағы әріптестеріммен тәжірибе алмасуға келдім. Нақты айтсақ, жамбас буынына жасалған операциядан кейін буынның шығып кетпеуі үшін дәрігердің  үлкен тәжірибесі қажет. Мұндағы заманауи технологияға, клиникадағы жабдықтарға, дәрігерлердің шеберліктеріне жоғары баға бердік.

Хабар 24 телеарнасы