447,67 487,00 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайда құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істей береді

  • 175
  • UPD: 12:12, 12.02.2020

Жамбыл облысы Қордай ауданында техногендік төтенше жағдай сақталады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Құқық қорғау органдары күшейтілген режимде жұмыс істей береді. Соған қарамастан келген залалды қалыпқа келтірудің қамы жасалып, оқиға салдарын жою шаралары жалғасып жатыр.

Руслан Бақытбекұлы, тілші:

– Жоспар сол бүгін де төтенше жағдай зардаптарын жою бағытындағы жұмыстар жалғасады. Кеше кешкісін облыстық штаб отырысында бүгінгі күннің жоспары жасалды. Жағдай тұрақталғаннан кейін халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігін қалыпты жағдайға келтіру бойынша медицина, білім беру салалары және сауда-саттыққа жауапты мамандарға нақты тапсырма берілді. Көріп тұрғандарыңыздай, жергілікті штабта жұмыс басталып кеткен. Қазір Масанчи, Ауқатты, Сортөбе ауылдық округтерінде өрт шалған және қираған үйлер мен кәсіпкерлік нысандарды қалыпқа келтіру үшін 9 топ жұмыс істеуде. Әрбір бүлінген нысанға акт түзіп, құрылыс жұмыстарын бастау үшін сметасы есептеліп жатыр. Дәл қазіргі уақытқа дейін 88 нысан анықталған. Тағы 47 автокөлік бар. Қазір құжаттары түгенделіп, бағалау, шығынды санау шаралары жалғасуда. Бұл бойынша жұмыс істейтін сарапшылар белгіленген.

Хабар 24 телеарнасы