435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Зиянкестермен күресу үшін 1 млрд теңге қаражат бөлінді

  • 169
  • UPD: 11:53, 12.02.2020
Зиянкестермен күресу үшін 1 млрд теңге қаражат бөлінді

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 2020 жылы ел өңірлерінде шегіртке тектес зиянкестердің таралуына жол бермеу үшін алдын ала дайындық жұмыстарын бастады, деп хабарлады министірліктің баспасөз қызметі.

«Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» РММ-нің мәліметі бойынша ағымдағы жылы шегіртке тектес зиянкестер 500 мың гектардан аса алқапқа зиян келтіруі мүмкін деген болжам бар.

Зиянкестердің түрлерімен күресу үшін республикалық бюджеттен 1 млрд теңге қаражат бөлінді. Аталған қаражат барлық болжамдалған алқапқа пестиицдтерді және химиялық өңдеулер жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алуға мүмкіндік береді.

Орталық қоймада жалпы алаңы 525,3 мың гектар алқапқа шегіртке тектес зиянкестермен күресу үшін пестицидтердің 47,5 мың литр қоры бар.

 2020 жылы шегіртке тектес зиянкеске қарсы қорғаныс іс-шараларын жүргізу үшін 148 бірлік арнайы бүріккіш техника, оның ішінде 119 бірлік жерүсті бүріккіш, 10 ұшақ, 10 бірлік аса жеңіл әуе кемесі (АЖӘК) және 9 бірлік аэрозольді генератор (ГАРД) жұмылдырылатын болады.

Ақпарат үшін айтар болсақ, бүгінгі таңда шегіртке Шығыс Африканы шырылдатып жатыр. Шегірткелердің таралуы Африка құрлығының көптеген елінде жаппай ашаршылық тудыруы ықтимал екені айтылуда. БҰҰ зиянкестердің көбеюі өнімнің және жануарлардың азаюына алып келеді деп дабыл қағуда.

Елімізде шегіртке тектес зиянкестерге қарсы қорғаныс іс-шараларын уақытылы ұйымдастыру жұмыстары толық пысықталуда.

Хабар 24 телеарнасы