432,55 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда кептеліс мәселесі реттеледі

  • 371
  • UPD: 15:17, 12.02.2020
Нұр-Сұлтанда кептеліс мәселесі реттеледі

Елордада көлік кептелісі мәселесі шешімін табады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қала әкімі Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде бірқатар жолдар кеңейетінін айтты. Енді Қабанбай батыр даңғылы 6 және 8 жолаққа дейін кеңейеді. Көптеген жүргізушілердің наразылығын тудырып келген негізгі, бірақ тар жол алдағы екі жылда реттелетін болады. Қаладағы бірқатар көшелердің жолдары күрделі жөндеуден өтеді. Оған қоса, бас шаһарда қазір екі көпір салынып жатқаны айтылды. Алматы мен Есіл ауданы Тәуелсіздік даңғылында бой көтеретін көпір арқылы түйіспек.  

Руслан Темірханов, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы:

– Биыл Тәуелсіздік көшесінен бастап, Қалдаяқов көшесінің бойында 6 км Ұлы далада салынады. Осы жобаның ішінде Нұра Есіл каналынан өтетін көпір және де Есіл өзенінен өтетін көпір қарастырылған. Есіл өзенінен өтетін 250 метрлік көпір.

Хабар 24 телеарнасы