443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыдан Көкшетауға 8999 теңгеге ұшақпен баруға болады

  • 314
  • UPD: 15:29, 12.02.2020
Алматыдан Көкшетауға 8999 теңгеге ұшақпен баруға болады

12 наурыздан бастап FlyArystan компаниясының 180 орынды Airbus A320 ұшақтары Алматыдан Көкшетауға аптасына 3 рет қатынайды, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Екі шаһар арасындағы біржақты байланыс құны 8999 теңгеден басталады, ал аталмыш баға нарықта ұсынылып отырған бағадан 64% арзан. Ұшу ұзақтығы – 2 сағат.

«Көкшетау – бұл динамикалық түрде дамып келе жатқан өңір. Оған қоса шетелде Қазақстанның Швейцариясы болып танылған, курорттарға ең жақын орналасқан қала. Бурабай, Зеренді, Щучьеге Алматыдан елордамыз арқылы жету қолайсыз, уақыт алады, көліктен-көлікке ауысып отыру қымбатқа шығады. Оңтүстік астанадан Көкше еліне, ал одан кейін оның төңірегінде орналасқан жерлерге тез жетуге мүмкіндік беретін тікелей рейстердің арқасында жиһангездер жеңіл әрі тез ұшып бара алады. Оған қоса Ақмола облысының тұрғындары да туған-туыстарына жиі қонақтап бара алатын болады», - деді FlyArystan-ның сату және маркетинг бөлімінің директоры Жанар Жайлауова.

Хабар 24 телеарнасы