431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда қаңтарда 700 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді

  • 144
  • UPD: 16:10, 12.02.2020
Қазақстанда қаңтарда 700 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді

Қаңтар айында республика бойынша 731,7 мың шаршы метрден астам баспана пайдалануға берілді.

Жалпы алғанда елімізде бұл айда 5 581 баспана, оның ішінде 3161 жеке үй салынып бітті.    

Өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10 өңірде пайдалануға берілген баспана көлемі артты. Олардың арасында Қызылорда облысы (183,7%), Алматы облысы (162,6%) және Қостанай облысы (142,5%) көш басында келеді.

2020 жылғы қаңтар айында құрылыс бойынша жеке көлем индексі 112,5% құрады. 9 өңірде оң серпін байқалады. Көш басында Түркістан (179,5%), Атырау (161,6%), Қостанай (160,4%), Қарағанды (127,6%), Павлодар (121,6%) облыстары және Нұр-Сұлтан  қаласы (125,1%).

Ақпарат көзі: ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

Хабар 24 телеарнасы