420,07 490,30 5.68
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мүгедек жандардың қимыл-қозғалысын жеңілдетуші арбалар құрастырылып жатыр

  • 426
  • UPD: 18:06, 12.02.2020

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп тұруын жеңілдететін арнайы арбалар құрастырылады.

Волонтерлер жылының «Саулық» бағдарламасымен қолға алынған жоба бүгін көпшілік назарына ұсынылды. Ерекше арбаларды жинайтын әлеуметтік кәсіпкер волонтерлер орталығының ашылуына арнайы келген. Бастаманың негізін салушы Нұрболат Қарабасов. Алғашқы бес айда 30-дан астам мүмкіндігі шектеулі жан осы арбаларды тегін пайдаланған. Ал қазір қондырғылар жалға беріледі.

Әлеуметтік кәсіпкердің айтуынша, бұл арбаның артықшылықтары көп. Басқару тетігі, тежегіші, тіпті арнайы қуатталатын батареясы да бар. Бұған қос, жай арбамен күніне бес шақырым жүрсе, бұл арбамен 30 шақырымды жүріп өтуге болады. Қазіргі таңда жоба Алматы және Түркістан облыстарында іске асып жатыр. Дегенмен, кәсіпкер оның ауқымын кеңейтіп, аймақтардағы мүмкіндігі шектеулі жандардың өмірін жеңілдетуді көздейді.

Қарабасовтың айтуынша, әсіресе үйде отырып, әлеуметтен тыс қалған адамдарды қоғамға баулуға бұл арба таптырмас құрал.

Нұрболат Қарабасов, волонтер, әлеуметтік кәсіпкер:

- Осал топтағы адамдармен жұмыс істеу маған ұнайды. Себебі өзім сондай жағдайда болған соң сол жандардың ауырын жеңілдеткім келеді. Сұраныс өте көп. Себебі Қазақстанда 24 мыңға жуық қоларбадағы жандар болса, соның мен жүзін ғана қамтамасыз етіп отырмын. Енді жобаны президенттің алдында қорғайын деп отырмыз ғой. Бұл одан бүкіл республиканы қамтуға мүмкіндік деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы