399,51 448,90 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жасы 45-тен асқан әйелдерді жұмысқа алуда кемсітушілік бар – Альянс

  • 305
  • UPD: 18:05, 12.02.2020

Қазақстан әйелдер күштерінің Альянсы еліміздегі нәзікжандылардың жағдайын жақсартуға арналған «жол картасын» таныстырды.

Ұйым құжатты әзірлемес бұрын әлеуметтік зерттеу жүргізіп, бірқатар түйіткілді анықтаған. Мәселен, әйелдердің жас ерекшелігіне қатысты гендерлік кемсітушілік кездескен. Альянс жетекшісі Раушан Сәрсембаеваның айтуынша, 45 жастан асқан әйелдердің жұмысқа орналасуы қиын. Ал олардың зейнетке шығуына әлі 20 жыл бар. Сауалнамаға жауап берген жұмыссыз келіншектердің 57 проценті дәл осы себепке байланысты жұмысқа орналаса алмай жүргендерін айтқан. Жалпы жол картасы 7 бағытты қамтыды. Онда әйелдердің құқықтық сауаты, жұмыспен қамту, медициналық қызмет, репродуктивті денсаулық, жас қыздарға тәрбие беру жұмыстарын жолға қою қарастырылған. Сондай-ақ Альянс жергілікті басқару органдарында әйелдердің үлесін 50 процентке жеткізуді ұсынып отыр.  

Раушан Сәрсембаева, «Қазақстан әйелдер күштерінің альянсы» ЗТБ жетекшісі:

- Жол картасы әйелдер ісі бойынша қалалық комиссияда қаралды. Елдегі әйелдердің, атап айтқанда Алматы қаласында тұратын азаматшалардың жағдайын жақсартуға Азаматтық қоғамның беретін нақты ұсыныстарын жарияладық. Ұйым мен Алматы қаласы әкімдігі арасында келісім бар. Құжатты қалалық комиссияда бекітіп, пилоттық жоба ретінде жүзеге асыра бастаймыз. Одан кейін аймақтағы әйелдерді қамтимыз.

Хабар 24 телеарнасы