447,60 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бейбіт жиындар туралы заң жобасының тұжырымдамасы таныстырылды

  • 264
  • UPD: 22:21, 12.02.2020

Митингке қатысушылар саны 250-ден асатын жағдайда жергілікті әкімдіктен рұқсат болу керек.  Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері бейбіт жиындар туралы заң жобасының тұжырымдамасын таныстырды.

Естеріңізде болар, қолданыстағы талап-ережеге өзгеріс қажеттігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі айтып, тиісті тапсырма берген. Жаңа құжат азаматтық қоғам мүшелерінің қатысуымен әрі 10 шақты елдің тәжірибесіне сүйеніп әзірленген. Заң жобасы 21 баптан тұрады. Бұрын 12 еді. Құжатта мемлекеттік органдардың да құзіреті айқындалған. Олар жиын орындарын өздері белгілейді. Шеруді ұйымдастырушылар арнайы белгі тағып, қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуі тиіс. 

Данияр Есин, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары:

- Шерулерге арналған көшелерді әкімдіктер анықтайды және халықпен талқыланады. Рұқсат берілген жерлер алдын ала жабылады. Жалпы бейбіт жиындар өтетін көшелерді анықтау кезінде инфрақұрылымдық қол жетімділік сақталады, сондай-ақ басқа азаматтардың құқықтары да ескеріледі.

Хабар 24 телеарнасы