381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтан қаласында қордаланған мәселелер өз шешімін табады

  • 120
  • UPD: 22:25, 12.02.2020

Елордадағы көлік кептелісі сейіледі. Алдағы екі жылда Қабанбай батыр даңғылы кеңейтіледі. Қала әкімінің халықпен кездесуіне сөз болған өзекті мәселенің бірі осы. Бұл аралықта қала халқын көгілдір отынмен қамту мәселесі де ыңғайланады. Биылдың өзінде бірқатар көшеге газ тартылмақ.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Дәл осы Қабанбай батыр даңғылы бойындағы жолдар жүргізушілерді әбден әуреге салғаны рас. Кептеліс көп болды. Енді алдағы екі жылда  Маңызды жолдар 6 және 8 жолаққа дейін кеңейтілмек.  Осылайша сол жағалауда емін-еркін қозғалуға мүмкіндік туады. 

Кептеліс дейтіндей-ақ. Қазір қала көшелерінде 400 мың көлік қатынайды. Жалпы аумағы 853 шақырым жол. Мамандар биыл оның 100 шақырымын жөңдеуден өткізбек. Ал  Қабанбай батыр даңғылын жаңғырту жұмыстары биыл басталады. Келешекте Алматы мен Есіл аудандары Тәуелсіздік даңғылында бой көтеретін көпір арқылы түйіседі. Сондай-ақ қазір Ұлы Дала мен Нұра Есіл арнасында қос көпір салынып жатыр.  

Руслан Темірханов, көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бөлім басшысы:

- Ағымдағы жылы Тәуелсіздік көшесінен бастап, Қалдаяқов көшесінің бойында 6 км Ұлы далада салынады. Осы жобаның ішінде Нұра Есіл каналынан өтетін мост және де Есіл өзенінен өтетін көпір қарастырылған. Есіл өзенінен өтетін 250 метрлік көпір қарастырылған. 

Көпшілікті елорданы газдардыру жайы толғандырады. 2021 жылға дейін межеленген маңызды жұмыс екі бағытта жүргізіледі. Алдымен тұрғынжайлар, содан кейін қаланы жылыту орталықтары көгілдір отынды пайдалана бастайды. Газдандырудан кейін елордада ауаның ластану индексі 25 процентке азаяды. 

Дәурен Жандыбаев, отын-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары:

- ЖЭС мердігер ұйым ақпан айында айқындалатын болады. ТЭЦ 1, 2 келісім-шарт бойынша 2021 жылға қарастырылған жұмыстың аяқталуы. Бірақ газ желілері қосылған қазандықтар газға қосылады. Яғни алты қазандықтың екеуі дайын болса, сол екеуіне осы жылы газ береміз. Жылыту маусымына дейін.    

Елордада атқырылар іс көп. Қала аумағындағы 1100 көшенің 100-і биыл  жөнделеді. Қоғамдық көлік жайы да шешімін табады. Әкімнің кезекті есеп беруінен түйгеніміз осы. Айтпақшы, есеп беру кездесуінен кейін қала әкімі халықты жеке сұрақтарымен қабылдады.  

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Нұрғали Мамырбаев, Жандос Битабаров, Аят Дүйсембаев

Хабар 24 телеарнасы