419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады

  • 1073
  • UPD: 08:09, 13.02.2020
Нұра өзенін ластағандар жауапқа тартылады

Теміртау қаласындағы №1 су электр станциясында апат болып, күл аралас су Нұра өзеніне аққан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны жергілікті тұрғынның бірі байқап қалып, әлеуметтік желіге жүктепті.

Осыдан соң экологтар оқиға орнына шұғыл жетіп, өзеннен сынама алған. Ал қаншалықты деңгейде ластанғанын алдағы 5 күн ішінде анықтамақ. Қазір апат қалпына келтіріліп, өзенге кетіп жатқан өндіріс қалдығы тоқтатылды. Мамандардың айтуынша, электр станциясынан шығатын күлді жел көтермес үшін сумен араластырып, полигонға төгеді. Күл отырған соң, су жерге сіңіп, арнайы құдық арқылы қайтадан өзенге құяды. Алдын ала жасалған болжам бойынша, сол құдықтың қабырғасы қар мен мұздың салмағын көтермей, шытынап кеткен. 

Максим Абрамов, компания директорының орынбасары:

– Қазіргі таңда апатты қалпына келтіріп, Нұра өзеніне ағып жатқан күл аралас қойыртпақты тоқтаттық. Ескі құдықтың қабырғасы шытынап кеткендіктен, осындай келеңсіз жағдай орын алып отыр. Ол үшін кешірім сұраймыз және екінші рет қайталанбайтынына кепілдік береміз. Біз осыдан үш жыл бұрын полигонды жаңарту жобасын қолға алған болатынбыз. Құдықтарды жаңартып, көктемде іске қосамыз деп жоспарлап отырған едік. Қазір сүзгіден өткен таза су сол арқылы жіберіліп жатыр. 

Әлібек Бекмұхаметов, облыстық экология департаменті басшысының орынбасары:

– Біз Нұрадан судың сараптамасын алдық. Енді барлығын сараптамының қорытындысы анықтайды.

Хабар 24 телеарнасы