443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстан азаматтары маймылдың бірнеше түрін Қазақстанда заңсыз сатпақ болған

  • 163
Өзбекстан азаматтары маймылдың бірнеше түрін Қазақстанда заңсыз сатпақ болған

Өзбекстаннан Қазақстанға маймылдың бірнеше түрін контрабандалық жолмен алып өтпек болған азаматтар ұсталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айлакерлер орангутанг пен қара гиббонды біздің елде сатуға ниеттенген. Бұл туралы Өзбекстанның Мемлекеттік кеден комитеті хабарлайды. Жалпы былтыр Түркістан облысымен шектесетін бір ғана Гишткуприк бекетінде тауарларды тасымалдау ережесін елемеген 162 дерек тіркелсе, жыл басынан осындай 21 факті анықталды. Адамдар заңның ала жібін аттап, шекарадан көбіне бағалы әшекей бұйымдар мен биологиялық белсенді қоспаларды өткізбек болады.

Мәселен, былтыр бір келіншек алтынды баланың «памперсіне» салып өтпек болған.

Рустам Кобулов, Өзбекстанның мемлекеттік кеден комитеті басқармасының бастығы:

– Көбіне адамдар декларация толтырмай, әшекей бұйымдарды белгіленген нормадан артық өткізуге әрекет жасайды. Осылайша кедендік төлемдер төлеуден жалтарады. Мұндай деректерді күн сайын әртүрлі бекеттерде анықтап жатамыз. Бұл қылмыс үшін бізде әкімшілік жауапкершілік те, қылмыстық жаза да қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы