381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың бірнеше мектебіне Алаш арыстарының есімі берілді

  • 95
  • UPD: 11:25, 13.02.2020
Елорданың бірнеше мектебіне Алаш арыстарының есімі берілді

ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, елорданың бірнеше мектебіне Алаш арыстарының есімі берілді, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, елордадағы «Оқушылар сарайына» әл-Фараби, №10 мектеп-гимназияға Жұмабек Тәшенев, №48 мектеп-лицейіне Ахмет Байтұрсынұлы, №52 мектеп-гимназиясына Бейімбет Майлин, №56 мектеп-лицейіне Шәкәрім Құдайбердіұлы, №57 орта мектепке Мәшһүр Жүсіп, №58 мектеп-гимназиясына Ілияс Жансүгіров, №68 мектеп-гимназиясына Міржақып Дулатұлы, №76 мектеп-лицейіне Әлихан Бөкейхан және №80 мектеп-гимназиясына Сәкен Сейфулин есімі берілді.

Бұдан бөлек, №84 мектеп-лицейі шейх Халифа бен Заид әл-Нахаян және №85 мектеп-лицейіе шейх Тәмим бен Хамад әл-Тәнидің есімімен аталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы