443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жылу құбырлары қараусыз жатыр

  • 182
  • UPD: 11:44, 13.02.2020

Нұр-Сұлтан жылу құбырлары қараусыз жатырАрнайы қаптамасы жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жауапты мекеме мәселені тез арада шешуге құлықты емес. Қажетті материал да әлі сатып алынбаған.

Айгерім Бейсембі, тілші:

– Біз бас шаһардың оң жағалауында орналасқан Конституция көшесіндеміз. Көріп тұрғандарыңыздай, жылу беретін үлкен құбырлар осылай ашық жатыр. Елестетіп көріңіз, бұл қаншама жылу далаға кетіп жатқанын білдіреді.

Қала бойынша жалпы ұзындығы 790 шақырым жылу құбыры бар. Бойымен жүрсеңіз, арнайы талапқа сай емес жерлерін көп кездестіруге болады. Аңдамаған адамның абайсызда құлап, күйіп қалуы да әбден мүмкін. Сондықтан тұрғындардың алаңдауы бекер емес.

БЛИЦ!!!!

Құбырлардың бұлай жатқаны дұрыс емес .Бұл жағдайға қарайтын арнайы мекеме болу керек. Алайда құбырлардың осылай жатқанына көп болды. Біріншіден, бұл жылу жүйесіне шығын келтірсе, екіншіден қаланың сиқын бұзады.

– Бұл құбырлар бұрыннан ашық жатыр. Әрине, дұрыс емес. Жақын арада жөндейді деп үміттенеміз.

Анығында құбырлардың ашық-шашық жатуына сұғанақ қолдылар себеп дейді мамандар. Айтуларынша, жылу сақтауға арналған жабындылар қара нарықта үлкен сұранысқа ие. Ұрылар ортақ мүлікке де қол сұғып, айласын асырып кетіп жүр.  

Мадияр Жалақов, «Астана теплотранзит» АҚ директорының орынбасары:

– Жылу желілерінің құбырларын ,теплоизоляциясын 2019 жылдың күз айында ұрлап кеткен. Соны біз полиция өкілдеріне арыз жазып, 7 тендермен госзакуп өткіземіз. Материалға заявка бердік. Ақпан айының соңына келу керек. Сол келгеннен кейін жабылады.

Бұл салада да ұрлық-қарлыққа тосқауыл қою мүмкін болмай тұр. Мамандар себептен гөрі салдарымен күресуге бейімделіп алған. Мемлекеттен қосымша қаржының қаралып, жаңасының сатып алынғаны оңайырақ іспеттес.

Авторлары: Айгерім Бейсембі, Наурыз Базаров, Арман Ақшабаев

Хабар 24 телеарнасы