411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шардараның төрт бірдей елді мекені орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды

  • 221
  • UPD: 12:09, 13.02.2020

Түркістан облысының Шардара ауданында төрт бірдей елді мекен орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаушықұм, Айдаркөл, Баспанды және Жоласар елді мекендерінде барлығы 520 абонент тіршілік нәрімен қамтылды.

Жаушықұм ауылының тұрғындары жылдар бойы таза ауызсуға қол жеткізе алмай келді. Кеңес заманда тартылған су құбырының тозығы жеткен. Ауыл халқы амалсыздан ұзақ уақыт бойы тұзды суды пайдалануға мәжбүр болды. Жақында елді мекен орталықтандырылған ауыз жүйесімен қамтылды. Қазір тұрғындар таза су құбырын үйлеріне дейін кіргізіп алып, рахатын көріп отыр. 

Көбекбай Еспан, жаушықұм ауылының тұрғыны:

– Судың сапасы төмен болды. 700-800 метрден шығарады, ол халықтың денсаулығына өте зиян. Амалсыз қолданып келдік. Ал қазіргі суымыз жақсы, сапалы су. Бұрынғы судан 1 сағаттың ішінде ыдыстың шетінде тұз жиналып, ізі қалатын еді. Қазір шай да құспайды, судың сапасы тамаша.

Жаушықұм ауылына тартылған ауызсу құбырының ұзындығы – 33 шақырым. 3 ұңғыма қазылған. Оның екеуі таза су қорын жинақтаушы болса, біреуі қосалқы. Ұңғымадан келген су тазарту станциясына жиналады. Жалпы жоба құны – 221 млн теңге. 

Нұрбақыт Нұрсейітов, Жаушықұм ауылдық округінің әкімі:

– 250 кубтық екі қоймаға жиналған су – ауызсу жүйелерінің құбыры арқылы ауылдық округтегі тұрғындарға таратылады. Бүгінгі күні абонент саны 371 отбасына таратылады. Жалпы Жаушықұм ауылдық округінде 5 елді мекен бар. Соның ішінде 3 елді мекен тартылған.

Жалпы Жаушықұм, Айдаркөл, Баспанды және Жоласар сияқты 4 елді мекенін орталықтандырылған ауыз жүйесіне қосылды. Онда барлығы 520 абонент бар. Айта кетейік, Шардара ауданы халқының 94 пайызы орталықтандырылған ауызсу жүйесімен қамтылған. Қала тіршілік нәрін Шардара су қоймасынан алады. Тазартылып, халыққа таратылады. Бірақ су тазалау қондырғылары ескіргендіктен жаңартуды қажет етеді.

Нұрмахамбет Сапаров, Шардара ауданы әкімінің орынбасары:

– Біздің негізгі проблемамыз – тазарту мәселесі. Осыған орай біз 2019 жылы жобалық сметалық құжаттарын дайындап, облыстық энергетика басқармасына ұсындық. Жаңа технологияға ауыстыру, сапалы ауыз сумен қамту. Еуроталаптарға сай жасауымыз керек. Сол бағытта жұмыс істеп жатырмыз.

Шардара қаласы бас су торабының тазарту станциясын қайта құру» жобасының құны 3 млрд 800 млн теңге деп жоспарланып отыр.

Авторлары: Жандос Жұмабек, Ерболат Әбіш

Хабар 24 телеарнасы