445,84 487,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абайдың 50-ге жуық шығармасын жатқа білетін ұйғыр қызы Алматыдағы байқауда топ жарды

  • 224
  • UPD: 11:59, 13.02.2020
Абайдың 50-ге жуық шығармасын жатқа білетін ұйғыр қызы Алматыдағы байқауда топ жарды

Алматы облысында «Ортақ Абай» жобасы аясында ұйымдастырылған көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы қорытындыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Nur Otan партиясының Алматы облыстық филиалы қолға алған бұл шараға 30-дан астам өзге ұлт өкілі қатысып, бақ сынады. Байқауға «Қазақ радиосының» ардагер дикторы Аманжан Есенбайұлы мен Алмат Исәділ сияқты қаламгерлер қазылық етті. Нәтижесінде талдықорғандық Маргарита Нагаева 3-орын, Іле ауданынан келген Анжела Крылова екінші, ал Екатерина Подгорнова бірінші орынды иеленіп, өнерлеріне жұртты тәнті етті. Қазылар кеңесе келе, байқаудың бас жүлдесін хәкім Абайдың 40 шақты өлеңі мен 10 қара сөзін жатқа айтатын ұйғыр қызы Зульфира Майсемелиеваға берді. 

Зульфира Маисемелиева, байқаудың бас жүлдегері:

- Мен Абай Құнанбаевтың қырыққа жуық өлеңін білемін. 5-сыныптан бері жаттап келе жатырмын. Өлеңдерін шын махаббатыммен жаттадым. Маған Абай Құнанбаевтың өлеңдері қатты ұнайды. Абай Құнанбаевтың өлеңдері адамдарға, жасөспірім балаларға жақсы тәрбие береді.

Жанболат Жөргенбаев, Nur Otan партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары:

– Бұл іс-шаралар жалғасын табады. Бір «Жас Отан» жастар ресурсының жанынан Абай тақырыбында буккроссинг ашып жатырмыз. Тағы да басқа шаралар біздің елді мекендерде, аумақтарда өтіп жатыр. Соның басы-қасында боламыз.

Хабар 24 телеарнасы