425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жемқорлық туралы хабарлаған адамға қанша сыйақы беріледі

  • 767
  • UPD: 15:32, 13.02.2020
Жемқорлық туралы хабарлаған адамға қанша сыйақы беріледі

Енді еліміздің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне жемқорлық туралы хабарлаған азаматқа параның 10 проценті беріледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы бүгін баспасөз мәслихатында агенттіктің бас сарапшысы Ерік Бишібеков мәлімдеді. Оның айтуынша, аталған сома пара көлемі 1000 айлық есептік көрсеткіштен асқан жағдайда беріледі. Тиісті құжат күшіне бірнеше күннен соң енеді.

Айта кетейік, соңғы 3 жылда пара алу дерегі жөнінде хабарлаған 708 адамға 99 миллион теңге көлемінде сыйақы берілген.

Хабар 24 телеарнасы