412,55 465,50 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


МӘМС жүйесі енгізілгелі Павлодар облысында қымбат операциялар қатары екі есеге өскен

  • 349
МӘМС жүйесі енгізілгелі Павлодар облысында қымбат операциялар қатары екі есеге өскен

Ғалым Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада жамбас пен тізе буындары және көздің су қараңғылығына орай жасанды көз жанарын алмастыруда біршама жұмыс атқарылыпты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәрігерлер ең бастысы кезек күтушілер санының азайғанын айтады. Хирургтер бір айда елу шақты адамға протез салады. Бұрынғы жағдаймен салыстырғанда көрсеткіш 20 адамға артып отыр. Офтальмология бойынша операциялар саны 100 -ден 150-ге жеткен. Мұрат Қайыргелдинов Ақтоғай ауданынан келіпті. Кезінде аяғын баса алмай қалған науқастың тізе буынына протездеу операциясы жасалған екен. Балдаққа сүйеніп қалған ол ауруынан айыққан. Қазір оңалту курсынан өтіп жатыр.

Мұрат Қайыргелдинов, науқас:

– Жүріп жүрмін. Балдықты тастадым. Енді бір таяқшамен жүргенмін, енді ол таяқшаны да таста деді. Міне, бір жарым күн болады, өз аяғыммен жүрмін. Америкалық титанды қойды. Ол қатты жұмыс істесең, 15, ал былай 20 жылға кепілдік берді.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорының мүмкіндігі мұнымен шектелмейді. Бұрын аса қымбатқа түсетін медициналық зерттеулердің де ауқымы кеңейген. Науқастар бұл қызметті де тегін пайдалана алады.

Арман Мұсабеков, Ғ.Сұлтанов атындағы облыстық аурухана директорының м.а

– Ол компьютердік томография, магнитті-резонанстық терапия. Бұдан бөлек, УЗИ, ФГДС, колоноскопия сынды зерттеулер мен дәрігерлік кеңестер тегін болады. Ақысы қымбат тұратын зертханалық сараптамалар да кіреді.

Хабар 24 телеарнасы