375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да миллиондаған айыппұл өндірілді

  • 95
ШҚО-да миллиондаған айыппұл өндірілді

Шығыс Қазақстанда «Борышкер» жедел алдын алу шарасы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша тек 3 күн ішінде полиция қызметкерлері 10 миллион 500 мың теңге төленбеген айыппұлды өндіріп алды. Бұл мақсатта өңірде атқарушы органдар мен прокуратура және сот өкілдерінен құралған мобильді топ жұмыс жасап, 400-ге жуық рейд өткізді. Айыппұлды мүлдем төлегісі келмегендердің көліктері уақытша тәркіленетін болды. Сондықтан сот шешімін елемеген 8 азаматтың автокөлігі арнайы тұраққа жеткізіліп те қойды. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жүргізушілердің көпшілігі айыппұл рәсімделе сала, оны мерзімінде өтеуге асықпайды.

Ернұр Құтанбаев, облыстық әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

– Өндірілген айыпұлдар бойынша, 393 рейд іс-шарасы өтті, 900-ден астам азаматқа айппұл төлеу керегі ескертілді. Әкімшілік заңнама талаптарына сәйкес, азаматтар әкімшілік айыппұлды 7 тәулік ішінде 50 процент жеңілдікпен төлеуге құқылы.

Хабар 24 телеарнасы