429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қорғаныс саласында машина жасайтын кәсіпорындар бірқатар қызмет түрін көрсетуге жарамсыз

  • 496
  • UPD: 15:46, 13.02.2020
Қорғаныс саласында машина жасайтын кәсіпорындар бірқатар қызмет түрін көрсетуге жарамсыз

Еліміздің қорғаныс саласында машина жасайтын 20-дан астам кәсіпорын қазіргі уақытта бірқатар қызмет түрін көрсетуге жарамсыз, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған байланысты қорғаныс кешені өнеркәсібін жаңғырту қажет. Ұлттық экономика министрлігі өңірлердегі өндіріс орындарының өнімділік қарқынын арттырып, жұмыс орындарын сақтау арқылы әлеуметтік-экономикалық салдардың алдын алу шарт. Күні кеше депутат Мейрам Пішембаев Мәжілістің пленарлық отырысында осындай ұсыныс жасады. Оның айтуынша, халықаралық және ресейлік тәжірибені негізге ала отырып, арнайы 5 жылдық бағдарлама әзірлеген жөн. Мәжілісмен саладағы кейбір тетіктерге нарықтық еркіндік берілуі қажет дейді. 

Мейрам Пішембаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Біз Үкіметтің саладағы мемлекеттік тетіктерін нарықтық ортаға тапсыру бастамасын қолдаймыз. Жаңа бағдарлама қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі өзге кәсіпорындарға кесірін тигізбейтіндей, мұқият ойластырылуы керек. Осы бағытта жекешелендіру саясаты қарқын алуы тиіс. Мұны халықаралық тәжірибе көрсетіп отыр. Отандық кешенде 6 мың маман қызмет етеді. Бұл жалпы машина жасау саласындағы қызметкерлердің 9 процентін құрайды. Мәселен, АҚШ пен көрші Ресейде сала бойынша арнайы конверсиялық бағдарламалар қабылданған.

Хабар 24 телеарнасы