376,16 406 5,90

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық халық санағы қалай жүргізіледі

  • 119
  • UPD: 14:51, 13.02.2020
Ұлттық халық санағы қалай жүргізіледі azattyq-ruhy.kz

2020 жылы елімізде ұлттық халық санағы өтеді.

Халық санағы шартты екі кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Орталық коммуникациялар қызметі.

Дайындық кезеңі. Маусым айының 1-і мен 30-ы аралығында интервьюерлер тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайлардың, құрылыстардың, сондай-ақ ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады. Бұл кезеңде аудандастыруға дайындық жүргізіледі.

Санақтық аудандастыру – бұл өңірдегі әрбір елді мекеннің аумағын санақты өткізу үшін нұсқаушылық және есептік учаскелерге бөлу.

Негізгі кезең (қазан айының 1-і мен 30-ы аралығы). Қазан айының 1-і мен 15-і аралығында, яғни тікелей халық санағының алғашқы 15 күнінде интернет-сауалнама жүргізіледі. Интернет-сауалнамада респонденттер өзіне және отбасы мүшелеріне Интернет желісі арқылы sanaq.gov.kz арнайы сайтында санақ парақтарын өз бетінше толтырады. Сонымен бірге сайтта респонденттерге арналған түсіндірмелер мен арнайы виртуалды көмекші де бар.

Интернет-сауалнамамен қатар 1-30 қазан аралығында интервьюерлер де сауалнама жүргізеді. Сауалнама жауаптары планшетке енгізіледі. Интернет арқылы мәліметтер берген респонденттер интервьюерлер жүргізетін сауалнамаға қатыспайды. Халыққа сауалнама жүргізу барысында респондентті сәйкестендіру үшін сұралатын адамның ЖСН-і пайдаланылады. Сауалнама аяқталғанда халық санағынан өткені туралы анықтама беріледі.

Бұған дейін халық санағына кімдер қатыспайтыны туралы жазғанбыз.

 

Хабар 24 телеарнасы