378,40 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда халық санағына қанша қаржы жұмсалады

  • 99
  • UPD: 15:03, 13.02.2020
Қазақстанда халық санағына қанша қаржы жұмсалады

2018 жылдан бастап 2022 жыл аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағына дайындық пен оны өткізу үшін 8,2 млрд теңге сомасында қаржы қарастырылған.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Айта кетсек, 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағының бюджеті 6,5 млрд теңгені құрады. 2009 жылғы халық санағын өткізу кезінде бір адамға шаққандағы шығын 2,9 АҚШ долларын құраса, 2020 жылы 1,2 АҚШ долларын құрайды.

2020 жылғы Ресей Федерациясы халық санағының бюджеті 50 млрд рубль құрады. Ресейде санақ өткізу кезіндегі бір адамға шаққандағы шығындар 3,6 АҚШ долларын құрайды.

Сонымен бірге бір адамға есептегенде санақ құны Беларусь Республикасында 1,04 АҚШ долларын, Әзірбайжанда 1,44 АҚШ долларын құрайды.

Айта кетсек, Қазақстанда қазан айында халық санағы өтеді.

Халық санағына кімдер қатыспайды?

Ұлттық халық санағы қалай жүргізіледі?

Хабар 24 телеарнасы