375,87 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Денсаулық туралы жаңа кодекстің арқасында медициналық қызметтер қолжетімді болады

  • 67
Денсаулық туралы жаңа кодекстің арқасында медициналық қызметтер қолжетімді болады

Елімізде денсаулық туралы жаңа кодекс қабылданғаннан кейін медициналық қызметтер қолжетімді болады.

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңір бюросының директоры Ханс Клюгемен кездесуінде айтты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар алғашқы медициналық-санитарлық көмек саласындағы өзара іс-қимыл, озық технологияларды енгізу, медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тұрғысында пікір алмасты. Заң жобасының түрлі диалог алаңдарында талқыланып, кем-кетігі түзеліп жатқаны атап өтілді.

Нұрлан Нығматулин, ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы:

– Кодекс жобасы бойынша жұмыс әлі жалғасып жатыр. Біз ең озық халықаралық тәжірибені және ДДСҰ ұсынымдарын қолдануға тырысамыз. Түпкілікті нәтиже, әрине қоғамның барлық секторының пікірлерін ескере отырып, ортақ тұжырымға негізделеді. Депутаттық корпус, жаңа кодекс қабылданғаннан кейін медициналық қызметтердің қолжетімді болуына және сапасының жақсаруына мүдделі болады. Салауатты қоғам кез келген мемлекеттің өркендеуі мен гүлденуінің кілті екенін жақсы түсінеміз.

Хабар 24 телеарнасы