379,71 406,00 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маусымнан бастап Алматы мен Мумбай арасында тұрақты рейстер қатынайды

  • 336
  • UPD: 15:41, 13.02.2020
Маусымнан бастап Алматы мен Мумбай арасында тұрақты рейстер қатынайды

1 маусымнан бастап Air Astana Алматы мен Мумбай қалалары арасында тұрақты рейс іске қосады.

Рейстер әр апта дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарымен орындалады.

Әуекомпанияның жазғы күнтізбесіне сәйкес, дүйсенбі мен сейсенбі күндері Алматыдан ұшақ жергілікті уақыт бойынша 07:05 ұшып, Мумбай қаласына 11:05-те қонады. Қайтар рейс Мумбайдан 12:05 ұшып, Алматыға 16:55-те қонады. Бейсенбі мен сенбі күндері Алматыдан 22:10-да ұшып, Мумбайдан қайтар рейс ертеңіне жергілікті уақыт бойынша 03:10-да орындалады. Екі бағытқа да ұшу уақыты – 4,5 сағат.

Мумбай Air Astana тұрақты түрде қатынайтын Үндістанның екінші қаласы болмақ. Әуекомпаниясы Үндістан астанасы Делиге 2004 жылдан бері қатынайды.

Ақпарат көзі: Air Astana АҚ корпоративтік коммуникациялар жөніндегі департаменті

Хабар 24 телеарнасы