423,95 504.32 5.84
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

ҚР ДСМ: Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның төрт азаматы бар

  • 692
  • UPD: 16:50, 13.02.2020
ҚР ДСМ: Diamond Princess лайнерінде Қазақстанның төрт азаматы бар РИА Новости

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Diamond Princess лайнерінде еліміздің төрт азаматы бар екенін мәлімдеді.

Ведомствоның ресми өкілі Диас Ахметшәріптің айтуынша, жерлестеріміздің жағдайы жақсы, вирустан аман.

«Жапония жағалауындағы Diamond Princess круиздік лайнерінде 50 мемлекеттің 3 700 азаматы оқшауланғаны белгілі. Олардың ішінде коронавирус жұқтырған 174 жолаушы анықталып отыр. Лайнерде Қазақстан Республикасының 4 азаматы да бар. Олардың жағдайы жақсы, вирустан дін аман. Карантин 19 ақпанда аяқталады», – деді Д.Ахметшәріп.

Мұның алдында Жапониядағы Diamond Princess круиздік кемесінде коронавирус жұқтырғандар саны 218-ге жеткенін хабарлағанбыз.

Хабар 24 телеарнасы