443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде көліктерді уақытша тіркеу жалғасып жатыр

  • 186
  • UPD: 19:35, 13.02.2020
Елімізде көліктерді уақытша тіркеу жалғасып жатыр

Қоғам арасында шетелде тіркелген көліктерді арзан бағамен біздің елде рәсімдеп, мемлекеттік нөмір алуға болады деген ақпарат жүр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жалған. Қауесетті алаяқтар таратуы мүмкін. Ұрымтал сәтті ұтымды пайдаланып, алдап кетулері кәдік. Ішкі істер министрлігі осылай деп ескертеді. Ал азаматтар өзге мемлекетте рәсімделген темір тұлпарларды наурыздың біріне дейін Қазақстанда уақытша тіркей алады. Ол үшін жүргізушілер мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына барса болды. Тиісті құжаттарын өткізгендерге келесі жылдың 1 наурызына дейін жарамды сары түсті нөмірлер беріледі. Осылайша бір жылдың ішінде азаматтар кедендік салығын, утилизациялық алымын төлеп, көліктерін толықтай рәсімдей алады. Аталған мәселелер бойынша ақпанның 14-і мен 15-і күндері елімізде жолда қабылдау акциясы өтпек.

Ақтоты Боранова, ҚР ІІМ ӘПК ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы:

– Жүргізушіде ең алдымен не болуы керек? Автокөліктің меншік иесі екені дәлелдейтін құжаттар болу керек. Туу туралы куәлік болуы керек. Жеке басын куәландыратын куәлік дейміз ғой. Көліктің алғашқы жарнасы төленгені туралы құжат болуы керек. Уақытша берілетін мемлекеттік тіркеу нөміріне және 21 жылдың 1наурызына дейін берілетін уақытша көлік құралының нөмірі, жалпақ тілмен айтқанда, техпаспорт болуы керек. Солай автокөлікті тіркеуге қояды.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы