435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да 19 гидрологиялық бекетте су деңгейін өлшеу жұмыстары жүргізіліп жатыр

  • 187
  • UPD: 22:26, 13.02.2020

Еліміздің солтүстігінде бүгінде күн жылы, қар қалың, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан аймақта қосымша 5 гидрологиялық бекет ашылды. Олардың дені Есіл өзенінің бойында орналасқан. Ондағы мамандар күн сайын судың деңгейін өлшеп, көктемгі тасқынға байланысты бақылау жасайды.

Фархад Ғайнуллин күніне екі рет Есіл өзеніне келіп, суын өлшейді. Ағыстың жылдамдығын анықтайды. Маманның айтуынша, биыл мұздың қалыңдығы өте жұқа.

Фархад Ғайнуллин, гидрологиялық бекет бақылаушысы:

– Қазір мұздың қалыңдағы – 10 сантиметр. Сондықтан, әрі қарай баруға болмайды. Морт сынып кетуі мүмкін.

Облыс бойынша осындай өлшеу жұмыстары 19 гидрологиялық бекетте жүргізіледі. Биыл Солтүстік Қазақстанның қысы жылы болды. Есесіне қар көп жауды. Бұл көктемде біраз қиындық туғызуы мүмкін. 

Наталия Левина, «Қазгидромет» МКК СҚОФ директорының орынбасары:

– Биыл көктемгі тасқын ерте басталуы ғажап емес. Күн жылы болса, қар тез ериді. Ал Есіл өзені сәуірдің ортасына қарай қозғалады деп болжанып отыр.

Осыған байланысты Сергеев су қоймасы ерте босатыла бастады. Бұл – тасқынның алдын алу үшін жасалған шара.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы