437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында ақбөкендер популяциясы өсті

  • 235
Қостанай облысында ақбөкендер популяциясы өсті

Қостанай облысында ақбөкендер саны артып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

2015 жылы қынадай қырылып қалғаннан кейін киіктер басы 40 мыңнан аспай қалған болатын. Енді бұл көрсеткіш үш есе артып, 111 мыңға жеткен. Жылдық өсім 50 проценттік деңгейде қалып отыр. Дегенмен мамандар дала еркелерінің ұлғаюының басты себебін оларды атуға тыйым салынумен  түсіндіреді. Ақбөкендерді аулауға 2023 жылға дейін заң жүзінде шектеу қойылды.

Рустам Бидібаев, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы: 

– Патрульдер саны жылдан-жылға артып келеді. Прокуратура және табиғатты қорғау полициясымен бірлескен рейдтік шаралар ұйымдастырамыз. «Охотзоопром» мамандары қатарынан оңтүстік өңірлерде әрдайым екі топ кезекшілік жасайды.

Хабар 24 телеарнасы