425.49 509.00 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматыда 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланды

  • 607
Алматыда 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланды

Алматы қаласы Медеу ауданында 200 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланды. Бұл туралы аудан әкімі Сұлтанбек Мәкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат

2019 жылы 15 тамызда ҮЕҰ мен қала белсенділерінің қатысуымен өткен қаланы көгалдандыру жиынында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев үш жылдық Jasyl Almaty жобасының жүзеге асырылуын қамтамасыз етіп, 2022 жылға дейін миллион ағаш отырғызуды тапсырды. Осыған байланысты Медеу аудандық әкімдігі «Медеу-2023» Стратегиялық жоспарын дайындап жатыр. Онда ауданды дамытуға арналған барлық бағыт қарастырылған, оның ішінде көгалдандыру, қоршаған ортаны қорғау мен экология мәселелері де бар.

«Жоспар аясында үш жылда 180-200 мың ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Ағаш отырғызуға арналған орын мен локацияны анықтап қойдық. Былтыр Жасыл экономика басқармасы Көк-Төбе аумағында 100 мыңға жуық бұта мен көшет отырғызды», – деді С.Мәкежанов.

Брифинг кезінде көшет отырғызуға Шығыс айналма жолы, Халық Арена аумағы, Жарбұлақ, Есентай, Кіші Алматы өзендерінің маңынан, сонымен қатар Бутаковкадан арнайы жерлер бөлінетіні айтылды. Медеу ауданын дамыту жоспары аясында ауданда орналасқан өзен аумақтарын абаттандыру жұмыстары жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы