456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Түркістан облысында іздеуде болған екі қыз көрші ауылдан табылды

  • 589
Түркістан облысында іздеуде болған екі қыз көрші ауылдан табылды polisia.kz

Түлкібастық полицейлер жоғалған ағайынды 2 қызды көрші ауылдан тапты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын, жалғызбасты ана арызданады. Ол өз арызында 13 және 11 жастағы қыздарының сағат күндізгі 12:30-дар шамасында сабаққа шығып кетіп, қайта оралмағынын көрсетті. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, тіркелді.

Түлкібас аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерлері тез арада іске кірісті. Көрген-білгендер куәгерлерден сұрастырды. Жақын аймақтарды мұқият қарап шықты. Қыздарды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық іс-шараларды жүргізді. Жағдай адам өміріне, оның ішінде кәмелет жасына толмаған 2 қызға қатысты болғандықтан полицейлер қарап қалмады, шұғыл әрекет етті. Жедел-іздестіру жұмыстарына мектеп мұғалімдері мен еріктілерде тартылды. Жан-жақты, күні-түні іздестіру жұмыстары нәтижесінде тәртіп сақшылары, кәмелет жасына толмаған қыздарды 25-30 шақырым қашықтықта орналасқан көрші ауылдың көшелерінің бірінде жүрген жерінен тауып, анасына аман-есен қайтарды.

Тергеу барысында 13 және 11 жасар ағайынды қыздардың осыдан 1 жыл алдын көшіп келген ауылындағы үйлеріне жаяу жетіп, сондағы достарына барғаны, анасының азық-түлік ала кел деп берген қаржысын жаратып, ойын қуып жүргендері белгілі болды.

Хабар 24 телеарнасы