432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Адамзат тарихындағы ең жылы қаңтар айы 2020 жылы тіркелді

  • 721
  • UPD: 16:03, 14.02.2020
Адамзат тарихындағы ең жылы қаңтар айы 2020 жылы тіркелді

Адамзат тарихындағы ең жылы қаңтар айы биыл тіркелді, деп хабарлады tengrinews.kz Gazeta.ru басылымына сілтеме жасап.

Ұлттық мұхиттық және атмосфералық зерттеулер басқармасының (NOAA) мәліметтері бойынша, 141 жылдық климатология тарихында 2020 жылдың қаңтары өте жылы болды. Бұл туралы ABCnews хабарлады.

Мұның алдында «Казгидромет» РМК орталығының синоптиктері 2020 жылдың 9 ақпаны соңғы 100 жыл ішінде Алматыдағы ақпанның ең жылы күні болып тіркелді деп хабарлаған болатын. Термометр көрсеткіші рекорд деңгейге көтеріліп, 16,4 градус нөлден жоғары болды. Бұл 1944 жылдың рекордын жаңартты, сол жылы 9 ақпан күні ауа температурасы +13,5 градус болған.

Хабар 24 телеарнасы