417,99 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжілісте «Отанға адал қызмет ету» атты кітаптың тұсаукесері өтті

  • 471
  • UPD: 17:55, 14.02.2020

Шығарма Елбасының сенімді серігі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің алғашқы төрағасы болған Марат Оспановқа арналған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Белгілі экономист-ғалым осыдан 20 жыл бұрын дүниеден озды.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин Қазақстанның қазіргі заманғы салық жүйесінің, қазақстандық парламентаризмнің қалыптасуы мен дамуына, заңнамалық базаны жетілдіруге Марат Оспановтың қосқан қомақты үлесін атап өтті. Екі тілде жарық көрген кітапқа әріптестері мен достарының оның адами қасиеттері мен азаматтық ұстанымы жайында жазылған  естеліктері жылы лебіздері кірген.

Бақыт Оспанова, М.Оспановтың жұбайы:

– Мен осы іс-шараны ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Марат Оспановтың ғұмыры қысқа болды. 50 жасында өмірден озды. Дегенмен оның артында жақсы ісі мен өшпес ізі қалды. Ол еліміздегі көппартиялы жүйенің, демократия мен қазақ парламентаризмінің негізін қалаушылардың бірі болғаны белгілі. Ол кісінің еңбегінің еленіп жатқанына ризашылығымды білдіремін.

Хабар 24 телеарнасы