422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда оқушы қызға тиіскен күдікті қолға түсті

  • 433
  • UPD: 20:41, 14.02.2020

Орал қаласында көпқабатты тұрғын үйлердің бірінің подъезінде оқушы қызға тиіскен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлеуметтік желіде тарап кеткен бейнежазбада белгісіз ер адамның мектептен келе жатқан қыздың соңынан ілескені, қолындағы затын жерге қойып, үйге бірге кіргені анық көрінеді. Бүгін белгілі болғандай, бұдан соң ол 16 жасар бойжеткенді құшақтамақ болған. Бейтаныс жаннан қорқып, жылап отырған қызды осы үйде тұратын полиция қызметкері байқаған. Жедел-іздестіру шаралары кезінде 52 жастағы күдікті жақын жердегі дүкеннің маңынан қолға түсті. Қазір бұзақылық бабы бойынша іс қозғалып, болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Артур Құдысов, облыстық полиция департаменті патрульдік полиция басқармасы басшысының м.а:

– Мен алдынан шықтым. Ол кісінің түр-әлпеті мен киім үлгісінен анықтадық. Сол жерден ұстап, оқиға орнына алып келдім. Жәбірленуші қыз бала бірден таныды. Біздің қызметкерлерге тапсырылды. Ешқандай ақталған жоқ, қарсылық та көрсеткен жоқ. Мас күйінде екені анықталды.

Хабар 24 телеарнасы