421,91 511.30 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Арқалық көшелерінде көлік түгілі жаяу жүру қиын

  • 530
  • UPD: 19:54, 14.02.2020
Арқалық көшелерінде көлік түгілі жаяу жүру қиын

Биыл Арқалық қаласын қалың қар басты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көшеде көлік түгілі жаяу жүру қиын. Мүлде аршылмаған жолдар да бар. Ал тазартылғанның өзінде тар. Көптеген көпқабатты үйдің ауласына көлікпен кіру мүмкін емес. Мысалы, былтыр шаһардан қыс бойы тек 7 мың текше метр қар шығарылса, биыл бір айда бұл көрсеткіш 21 мың текше метрге жеткен. Көшелерді қосқанда, қалаға қарасты 79 шақырым жол бар. Оны қардан тазартып күтіп ұстауға 11 млн теңге бөлініп отыр. Бұл жұмыстарға 10 техника және елу адам жұмылдырылған.

Еркін Қожахметов, Арқалық қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Боксит кен басқармасы қосымша тағы техника берілді. Тағы қаланың кәсіпкерлері бар. Олар да өздерінің техникасымен көмектеседі. Әсіресе бораннан кейінгі уақытта техника сұраймыз.

Темірхан Кенжебеков, Арқалық қаласының тұрғыны:

– Қардың астында қалдық. Тазартып жатқан адам жоқ. Техника жеткіліксіз. Көлік кіре алмайды, үйдің алды тазартылмайды.

Хабар 24 телеарнасы