422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақ әдебиетінің антологиясы халықаралық байқауға қатысады

  • 407
  • UPD: 21:04, 14.02.2020

Бүгін Алматыда БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазіргі қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл шараға ақын жазушылар мен қатар қала әкімі Бақытжан Сағынтаев және мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев сондай-ақ ҚР мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова қатысты. Елімізде бұрын соңды болмаған бұл жобаға қазақ ақын-жазушыларының ең таңдамалы шығармалары топтастырылған болатын. Әр антологияның таралымы 10 мың данадан десек, барлығы 120 мың жинақ әлемдегі 23 мыңнан аса ірі кітапхана мен оқу орындары және ғылыми орталықтарына жеткізілген. Енді қазақ әдебиетінің антологиясы наурыз айында Лондонда өтетін ірі халықаралық кітап көрмесі аясындағы әлем әдебиетінің байқауына қатысады.

Рауан Кенжеханұлы, ұлттық аударма бюросының атқарушы директоры:

– Аудару баспаға дайындап басып шығару және тарату жұмыстары осы 6 тілдің астаналарындағы ең ірі, беделді деген баспаларда жасалды. Мысалы, Кембридж университетінің баспасы, Мәскеу мемлекеттік университетінің баспасы, Пекиндегі ұлттар баспасы сол секілді Испаниядағы Сервентес университетінің қолдауымен немесе Мысырдағы ұлттық мәдениет және білім орталығы секілді ұйымдардың араласуымен жасалды. Ондағы мақсат – аударма сапасын қамтамасыз ету.

Хабар 24 телеарнасы