432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Полиция қызметкерлері ғаламтордағы хабарландыруларға сене бермеуді ескертеді

  • 510
Полиция қызметкерлері ғаламтордағы хабарландыруларға сене бермеуді ескертеді

Солтүстік Қазақстан облысында қаңтар айында 27 ғаламтор алаяқтығы тіркелді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл қылмыстарды ашу өте қиын дейді полицейлер. Қазіргі таңда 6 дерек бойынша күдіктілер ұсталып, тергеу амалдары жүріп жатыр. Алаяқтардың арбауына көбіне-көп сайттардан арзан тауар іздегендер түсіп қалатын көрінеді. Мәселен, соңғы рет Петропавл қаласының тұрғыны осындай көлік аламын деп, сатушыға алдын ала 500 мың теңге салып жіберген. Содан кейін онымен хабар үзілген.

Мадияр Хәріпов, облыстық ПД КПБ бөлімінің басшысы:

– Қазіргі кезде ол азамат басқа облыста анықталып, ұсталып, осы факті бойынша ҚР 190-бабының 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осындайды болдырмау үшін оны тексеріп, ешқашан алдын ала ақша-қаражаттарын жібермеуін сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы