443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында алаяқтық жолмен ақша табатындар көбейген

  • 241
Алматы облысында алаяқтық жолмен ақша табатындар көбейген

Алматы облысы бойынша жыл басынан бері 143 алаяқтық дерегі анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның 21-і – ауыр қылмыс. Алаяқтық жолмен жеңіл ақша тауып, азаматтарды тақырға отырғызу оқиғаларының басым бөлігі Қарасай ауданы мен Талдықорғанда жасалған. Қазір Талдықорған қалалық сотында облыс орталығындағы ломбард қожайындарына 7 млн теңге көлемінде шығын келтірген екі алаяқ әйелге қатысты іс қаралып жатыр. Олар бижутериялық бұйымдарды алтынның сынамасымен өткізіп отырған. Ломбард қызметкерлерін осындай жолмен екі жыл бойы алдап келгендердің екеуі де 1982 жылы дүниеге келген Талдықорған қаласының тұрғындары болып шықты. Олардың 40-тан астамы алаяқтық дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Ақбота Әзірбекова, облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Қазіргі таңда бұл қылмыстық іс тергеушілермен сотқа жөнелтілді. Алдағы уақытта оларға қатысты сот шешімі шығады. 42 дерек Талдықорған қаласында тіркелсе, қалған 26 дерек Қарасай ауданы бойынша тіркелді. Өткен жылмен салыстырғанда, қазіргі уақытта алаяқтық фактісінің жасалуы 56 пайызға дейін төмендеді.

Хабар 24 телеарнасы