427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздің жас патриоттары Шымкентте бас қосты

  • 303
  • UPD: 22:44, 14.02.2020

Жастар әуелі Ауған соғысы ардагерлерімен бірге қаладағы «Даңқ» мемориалына гүл шоғын қойып, Отан үшін жан қиған батырларды еске алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Форум жұмысына еліміздің әр өңірінен келген қатысушылармен қатар патриоттар академиясының мүшелері де қатысты. Бұл академия осыдан үш жыл бұрын «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы жанынан құрылған болатын. Қазір ұйым 2 мыңнан аса жастың басын біріктірді. Шараның басты мақсаты – балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оның бүгіні мен болашағына саналы түрде қарауға үйрету дейді ұйымдастырушылар. Форум аясында елдің ертеңі болар жастар флешмоб өткізіп, көпшілікке концерттік бағдарлама ұсынды.

Бексұлтан Құлахметов, форумға қатысушы:

– Менің ойымша, ең алдымен патриот деген ол ұлттың жанашыры, тарихын, тілін сыйлай алатын әрбір азаматты патриот деп санаймын.

Хабар 24 телеарнасы