443,50 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде мұз сүңгілері тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

  • 272
  • UPD: 08:04, 15.02.2020
Өскеменде мұз сүңгілері тұрғындарға қауіп төндіріп тұр

Өскемендік төтенше жағдайлар қызметі тұрғындарға  көп қабатты үйлердің ернеуінен салбырап тұрған мұздақтардан сақ болуға шақырады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Өйткені ауа райының күрт жылынуы салдарынан пайда болған мұздақтар кез келген сәтте төмен құлдилауы мүмкін. Тіпті, шағын болып көрінген мұздың өзі адамға көп-көрім зақым келтіреді. Сондықтан қауіптің алдын алып, оларды дер кезінде тазалаған жөн дейді мамандар. Ал қалалық тұрғын үй саласының өкілдері шатырдан шығып тұрған қар үйінділері мен мұздақтарды тазарту тікелей пәтер иелері кооперативінің жауапкершілігінде екенін айтады. Осыдан  20 күн бұрын мұз сүңгілерді  түсіру бойынша шаһарда жаппай жұмыс жүргізілді. Алайда бұл қатер сейілді дегенді білдірмейді. Әсіресе, ескі үйлерде мұздақтар әлі де кездеседі. Айта кету керек, биіктікте жұмыс істеуге тиісті рұқсаты бар альпинистерді жалдау ақысы 30-40 мың теңге. Ал оған дейін пәтер иелері кооперативі қауіпті аймақты қоршап, қажетті сақтық шараларды жасауы керек.

Досым Қалдыбаев, Өскемен қалалық тұрғын-үй қатынастары бөлімі басшысының орынбасары:

– Пәтер иелері кооперативі жиналыс өткізіп,ПИК ұсынып, егер ай сайынғы  жинау қаражатының ішіне кірмесе онда жеке жиналады. Қысқаша айтқанда, тұрғындар үйлеріндегі қарды, мұздақтарды,подъезге баратын жолды тазалауды өздері ұйымдастырып, ПИК арқылы шешуі керек.

Хабар 24 телеарнасы