418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да су сапасына салғырт қараған 70-ке жуық мекемеге айыппұл салынды

  • 484
  • UPD: 08:04, 15.02.2020
ШҚО-да су сапасына салғырт қараған 70-ке жуық мекемеге айыппұл салынды

Шығыс Қазақстан облысында су сапасына салғырт қараған 70-ке жуық сумен қамту мекемесі айыппұл арқалады, деп хабарлайды «Хабар 24»

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет  мамандарының айтуынша, өңірдегі ауыз су құрамын тексеру кезінде талапқа сай емес деректер анықталған. Мәселен, зерттеу нәтижелері көрсеткендей, су құбырлары желісінің тозуы, ондағы ақаулардың жиі тіркелуі, залалсыздандыру жұмыстарының нашар жүргізілуі су сапасының төмендеуіне әсер еткен. Бұл аз болғандай, кейбір мекемелерде санитарлық қорғаныш аумағы да болмаған. Осындай кемшіліктер тізілген кәсіпорындарға 4 миллион 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды.

Бағлан Тауанова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

– 75 айыппұл бойынша 4 миллионнан артық сома өндірілді, 3 іс сот органдарына жіберіліп, сол бойынша тиісті шешімдер қабылданып, ұйғарымдар шығарылды.

Хабар 24 телеарнасы