Қазақ-қырғыз шекарасындағы «Қордай» автокөлік өткізу бекеті жөндеу жұмыстарына байланысты 20 ақпаннан бастап жабылады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оны қайта қалпына келтіру жұмыстары қашан аяқталатыны әзірге белгісіз. Екі елдің азаматтары әрі-бері тек жаяу өте алады. Оларға қол жүгін алып жүруге рұқсат етіледі. Сондықтан шекара қызметі көліктер мен шетелдіктерді өткізу үшін қазақ-қырғыз шекарасындағы басқа өткізу пунктерін пайдалануға кеңес берді.