427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бүгін операциялық мейірбикелер күні

  • 801
  • UPD: 08:33, 15.02.2020

Ұлттық нейрохирургиялық орталықта қазір 14 түрлі санаттағы медициналық бикелер жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Еуропалық операциялық медбикелер қауымдастығы бекіткен мейрам бүгін. Бірақ, Анар Жүзжасарова кәсіби мерекесінде демалмақ емес. Бұл бригада кезекті операцияға қамданып жатыр. Бес сағатқа созылатын күрделі ота. Жабдықтар түгел дайын. Науқас қалың ұйқыда.

Бір сөзбен айтқанда, хирург пен операциялық мейірбике бір-бірін толықтырады. Жауапты да күрделі міндет. Анар Жүзжасарованың айтуынша, 23 сағатқа созылған операцияға да қатысқан. Шаршады, бірақ науқастың есін жиғанын естігенде «шүкір» деді. Еңбектің ақталғаны бұл.

Анар Жүзжасарова, операциялық мейірбике:

– Бұл нейрохирургиялық операцияларда дәрігермен қатар, бірге жұмыс жасап тұру керек. Өйткені, операцияларды түсіне білу керек. Түсіне білген жағдайда, қандай заттан кейін қандай заттар беру керек екенін біліп тұрған өте маңызды. Өйткені, тез аяқталуы,  дер кезінде қанның тоқтатылуының бәрі біздің қимылымызға байланысты. Сондықтан, бір-бірімізді түсініп жұмыс істейміз деп ойлаймын.

Жиырма жыл бойы операциялық мейірбике болған Анар қазір жас әріптестеріне тәлім беріп келеді. Ол Израильде біліктілігін арттырып, мамандардан жоғары баға алған. Ұлттық нейрохирургия орталығында қазір 14 түрлі санаттағы операциялық мейірбике бар. 

Ермек Ұрынбаев, ұлттық нейрохирургия орталығының бөлім басшысы:

– Дәрігерді немесе бөлімшеде істейтін мейірбикені науқастар көретін болса,  операциялық медбикенің қызметі адамдардың көзінен тыс қалып жатады. Науқас операциялық медбикені көрмейді.  Операциялық медбикенің жұмысы кезінде науқас әдетте наркозда жатады.  Халықтың назарынан тыс қалып жатқан, көрінбейтін, бірақ маңызды медбикелердің жұмысы.

Қарапайым медициналық бикелер операцияға қатысып, дәрігердің оң қолы болуды мақсат тұтады. Жауапты, күрделі міндет. Ұлттық нейрохирургиялық орталықта жіптей тамырлар мен жұлынға күніне 25 операция жасалады. Еліміздің әр түкпірінен келетін науқастардың өміріне араша болу –мамандардың басты борышы.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Асхат Қарағойшы

Хабар 24 телеарнасы