431,03 474,00 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейдегі түзету мекемесінде Абай музейінің көшпелі көрмесі өтті

  • 319
Семейдегі түзету мекемесінде Абай музейінің көшпелі көрмесі өтті

Абай шығармалары жазасын өтеушілер арасында да жоғары сұранысқа ие, деп хабарлайды «Хабар 24»

Семейдегі 156/14 мекемесінде данышпан ақынның 175 жылдық мерейтойына орай Абай музейінің көшпелі көрмесі өтті. Мұнда 50-ге жуық жәдігер әкелінді. Олардың ішінде кезінде Абай Құнанбайұлының өлкетану мұражайына өз қолымен тапсырған кісе белбеу, торсық, сыбызғы да бар. Көпшілік назарына Ахмед Риза медресесінің кітаптары, ақын жайындағы зерттеулер де қойылды. Абай өмірінің беймәлім қырлары туралы құнды деректерге қаныққан көрермендер өздері де ойшыл ақынның өлеңдерін оқып, шығармалары жөнінде пікір білдірді.

Самат Ахмеджанов, ОВ-156/14 мекемесінің басшысы:

– Бізде сотталғандардың саны көп болғаннан кейін біз осындай іс-шараны 30-50 адамнан бөліп бірнеше кезеңмен өткізіп жатырмыз. Сол себептен жартысы жұмыста болады, оның үстіне кәсіптік мектеп бар, сабақта болады. Бірақ сотталғандардың құлағы естіп, көзімен көруі үшін түгел өткіземіз.

Ғани Айдарбеков, жазасын өтеуші:

– Көптеген елге танымал, сондықтан оның шығармалары бәрімізге таныс деп айтуға болады. Бірақ сонда да кей таныс емес мәліметтерді бүгінгі іс-шара арқылы көзіміз жетіп, көзіміз ашылып, көптеген мағлұматтарды алып, тәрбие алып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы