418,72 492,14 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Б.Сапарбаев: Масанчи ауылының оқушылары түгел сабаққа келуі тиіс

  • 595
  • UPD: 13:41, 15.02.2020

Дүйсенбі күні Масанчи ауылының оқушылары түгелдей сабаққа келуі тиіс, деп хабарлайды «Хабар 24»

Қордай ауданына алғашқы сапары барысында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев осыны тапсырды. Қазіргі таңда оқушылардың тек 27 проценті ғана сабаққа келіп жүр. Мектептегі оқыту үрдісін сынаған өңір басшысы ұстаздар мен ата-аналар қауымы бірлесіп, тиісті патриоттық тәрбие жұмыстарын жүргізу қажеттігін қадап айтты. 

Бердібек Сапарбаев, Жамбыл облысының әкімі:

– Мына ата-аналар кеңесі бар ғой, солармен жұмыс істеу керек. Соңғы кезде мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс нашарлап кеткен. Ата-аналардың жауапкершілігі жоқ. Ата-аналарды шақырып сұрамайсыздар.

Бұдан бөлек, өңір басшысы Қарасу, Қаракемер, Ауқатты ауылдарындағы ахуалды барлап, ондағы әлеуметтік нысандардың жұмысын қадағалады. Сапар соңында өңір басшысы төтенше жағдайлардың салдарын жою жөніндегі штаб отырысын өткізді. Отырыс қорытындысы бойынша облыс әкімі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, зардап шеккен нысандарды, мүлікті, құжаттарды қалпына келтіру және елді мекендердегі қалыпты тіршілік жағдайын қамтамасыз ету бойынша бірқатар тапсырма берді.

 

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы