376,43 406 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен қарияның жағдайы қалыпты

  • 136
  • UPD: 15:36, 15.02.2020
Қордайдағы қақтығыста зардап шеккен қарияның жағдайы қалыпты

Қордай қақтығысында зардап шеккен 33 адам Жамбыл облысы мен Алматы қаласындағы стационарларда ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24»

Атап айтқанда, Алматыда 25, Қордайдағы аудандық ауруханада 7 адам, және бір азамат Тараздағы ауруханада ем-домын алып жатыр. Жолдағы төбелесте бұғанасы сынып, жанжалдың ушығуына себепші болған 78 жастағы қария Төлеген Құдашбаевқа операция жасалды. Қазір ол Алматыдағы көпсалалы ауруханада жатыр. Бұған дейін әлеуметтік желіде ақсақалдың қайтыс болғаны жайлы жалған ақпар тараған болатын.

Марат Жұманқұлов, Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Алматы денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, науқастың жағдайы бірқалыпты. Бүгінгі таңда ол бөлімшеге ауыстырылды. Тиісті көмектерін алып жатыр. Бұдан басқа өзінің хроникалық аурулары бар, сол бойынша да тиісті емін алып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы