431,94 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда ауыл кәсіпкерлеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды

  • 192
  • UPD: 15:35, 15.02.2020
Атырауда ауыл кәсіпкерлеріне арналған шеберлік сабағы ұйымдастырылды

Оған облыс аудандарынан 50 кәсіпкер қыз-келіншек жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Шеберлік сағатында алғашқы қаражатты қайдан алу, грант мәселесі мен несиеге келісім шарт жасау секілді бизнестің алғашқы әліпбиі үйретілді. Бұл – ауыл кәсіпкерлерінде жиі кездесетін проблемалар. Семинарға жиналғандар осындай күрделі проблемаларды шешу жолдарымен танысты. Бүгінде мұнайлы өңірдегі 49 мыңнан астам шағын және орта бизнес өкілі тіркелсе, оның  50 процентін нәзік жандар құрайды. Олар ерлермен қатар бизнес белестерін бағындыруға ұмтылуда. Екі күндік семинар барысында әрбір кәсіпкерге шеберлік сағатын меңгергендігі туралы сертификат табысталды.

Жанна Аманова, бизнес-тренер:

– Біз шеберлік сабағында ісін жаңа бастаған кәсіп иелеріне бизнесті жоспарлау, кәсіптің түпкі мақсатын айқындау және бастаған бизнесіңді дамыту жолдарын үйретеміз. Ал семинардың екінші күні жиналғандарға интернет технология мен әлеуметтік желілерді меңгеру, сондай-ақ өз өніміңді таныстыру мен жарнамалаудың жолдары туралы мағлұмат бердік.

Хабар 24 телеарнасы