439,09 487,00 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үйден қоқыс жәшікке дейін: оқушылар тұрмыс қалдықтарын қалай сұрыптауды көрсетті

  • 214
  • UPD: 22:11, 15.02.2020

Елордада қоқысты сұрыптауға үндейтін экологиялық акция өтті. Мектеп оқушылары атсалысқан шара қалдықтарды сұрыптап, арнайы контейнерлерге тастау мәдениетін қалыптастыруды көздейді.

Жалпы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласында 6 276 сары түсті қоқыс жәшіктері қойылған. Сондай-ақ қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды шығаруға 25 көлік алынған. Экологиялық  акция аясында түрлі мектептің оқушылары тұрмыстық қалдықты жаратудың жолдарымен бөлісті. Сонымен қатар еліміздегі алғашқы жылжымалы зауыттың жұмысы таныстырылды. Қалдықтарды сұрыптауды мектеп жасынан үйренген оқушылар бұны күнделікті өмірде әдетке айналдырғанын айтады. 

Ажар Серікова, мектеп оқушысы:

- Біз анам екеуміз үш қорапты қойып қойдық та, әр қорапқа суретін салдық. Мысалы, біз жасылға пластик саламыз, ал көктерге парақтар. Солай біз үйде уже үйреніп қалдық соған. Бұл біздің жеріміз, сондықтан біз оны сыйлап, тазалықты сақтауымыз керек. Бізбен бірге экочелленджге қосылыңыздар деп айтамын.

Хабар 24 телеарнасы