429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда Абайтану шарасы балабақшаларда жалғасуда

  • 777
Атырауда Абайтану шарасы балабақшаларда жалғасуда

Қалалық бөбекжайдың бірінде болған ұлы ақынға арналған шара «Абай дана, Абай дара қазақта» деп аталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған 4-6 жас аралғындағы бүлдіршіндер қатысып Абай өлеңдерін жатқа оқыды. Данышпан аталарынң әрбір ғибратын осы бастан санасына сіңірген бүгінгі бүлдіршін, ертеңгі елін сүйер азамат екені анық. Шараның басты мақсаты да сол. Ата-аналардың қатысуымен бала Абайдың өмірінен театраландырылған көрініс те өте тартымды шықты. Аталған бөбекжайда 450 тарта бүлдіршін тәрбиеленеді екен. Ел тарихы мен белгілі тұлғалардың ұлағатын ұрпаққа таныстыруға арналған эстафеталық шара қаланың басқа балабақшаларында жыл бойы жалғасатын болады.

Бақыт Мұстафина, бөбекжай меңгерушісі:

– Бұл эстафетаны біз қалалық білім бөлімінен қабылдап, қазір келесі балабақшаға жолдағалы отырмыз. Ата-ана, педогог және бала үшжақты жұмыстар атқарып жатырмыз. Осы арқылы баланы үлкен жетістіктерге жеткізіп, азамат болып қалыптасуына ықпал боламыз. Балалардың қабылдауы өте жоғары деңгейде.

Хабар 24 телеарнасы