439,01 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Уханьнан елге келген студенттер ауруханадан шықты

  • 249
  • UPD: 18:55, 16.02.2020

Бүгін Қытайдың Ухань қаласынан келген 89 студент елордағы көпсалалы медицина орталығынан шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар 14 күн бойы инфекциялық дәрігерлердің бақылауында болды. Алтауы – Беларусь пен Армения елінің азаматтары. Тиісті ем алып шыққандарды шағын автобустар мен жедел жәрдем көліктері әуежайға дейін апарып тастады. Әрі қарай оларды еліміздің әр түкпіріндегі жергілікті мамандар қарсы алады.

Еске салайық, екінші ақпан күні Қазақстан Ухань қаласына арнайы ұшақ жіберіп, сонда сапарда жүрген жерлестерімізді елге алдырды. Келген бетте олар оқшауландырып, ауруханаға жатқызылған.

Мұхтар Төлеутаев, «Көпсалалы медицина орталығы» КММ директоры:

– Біз келген бетте сол күні барлық зерттеулерді бастап жасадық. Барлық зерттеудің қорытындысы бойынша вирусқа шалдыққан адамдар жоқ. Біз жергілікті әр өңірге мәлімет жібереміз. Әрі қарай олар жергілікті дәрігерлердің бақылауында болады.

Бекжан Тұрсынғали, студент:

– Ештеңе болған жоқ. Бүкіл университеттерде болдық. Тамақты өзіміз алдық. Жасадық. Тезірек эпидемия бітсе, қайтқым келіп отыр. Бізде сабақ. Екінші семестр басталып жатыр, соны жалғастыру керек.

Хабар 24 телеарнасы