422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жайық өзенінің суы сорғы арқылы каналдарға шығарылмақ

  • 718
Жайық өзенінің суы сорғы арқылы каналдарға шығарылмақ

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығын дамытып, шабындықтар мен көлтабандарға су жеткізу мақсатында биыл бірқатар жоба қолға алынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі Шалқар көліне су жеткізу және одан әрі Шалқар-Азынабай-Тайпақ арнасын жаңғырту. Осы арқылы Жайықтың сол жағалауындағы 300 мың гектар жерді игеруге мүмкіндік пайда болмақ. Сондай-ақ, соңғы жылдары Киров-Шежін каналы аршылып, Жайықтың суы Қараөзенге жеткені белгілі. Алайда, су түспеуіне байланысты дарияның деңгейі төмендегенде аталған жобаның тиімділігі де азаяды. Осыған байланысты енді Көшім ауылының тұсынан Жайық өзеніне су сорғы стансасы орнатылмақ. Қажетті жобалық-сметалық құжаттар жасауға жыл басында қазынадан 60 миллион теңге бөлініпті.

Ринат Шәуенов, облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

– Киров – Шежін каналының 4 кезеңі бар. Көктем айында, тасқын кезінде барынша толтырып аламыз су қоймаларымызға. Оның ішінде Киров-Шежін каналымен Сарыөзен, Қараөзенге жеткіземіз. Ал енді су көрсеткіші аз болып деңгейі төменге түсіп кетсе, сол кезде сорғы бойынша 13-14 куб деп жатырмыз. Барлық құжаттама жасалып жатыр. Осы жартыжылдықта сараптамасынан шығарып, құны 1 млрд 200 – 1 млрд 700 теңгеге дейін болуы мүмкін.

 

Хабар 24 телеарнасы